Бұл туралы Ерболат Досаев аудан тұрғындармен кездесу барысында айтты
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Бостандық ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бостандық ауданы әкімдіктен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында әрбір тұрғын қоғамдық аумақты жайлы ету бойынша өз жобасын іске асыра алады.
Қосымша қаржыландыру туралы шешімді Ерболат Досаев осы бағдарламаның тиімділігі мен қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып қабылдады. Қаланың 8 ауданы қосымша 7 млрд теңге алды.
«Бүгін тұрғындардың өтінімін қабылдау аяқталды. Барлығы 100 жобалық ұсыныс берілді. Жобаларды іріктеу рәсімі 1 мамырға дейін аяқталады», – деді қала басшысы.