Алматыда қала күніне орай ақындар айтысы өтеді

15.09.2022 в 16:06

Іс-шараға билеттерді театр кассаларынан сатып алуға болады

Алматыда қала күніне орай ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

16 қыркүйекте «Алатау» дәстүрлі өнер театры Алматы тұрғындары мен қонақтарына сөз бәйгесін ұсынады. Жыр жарысына Алматыдан Қазірет Бердіхан, Павлодар облысынан Аспанбек Шұғатаев, Абай облысынан Айшолпан Тілеутай, Орал қаласынан Мұрадым Мирланов сынды үздік айтыскерлер қатысады.

Ұлттық өнерді сағат 15:00-де көруге болады, шара қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Іс-шараға билеттерді театр кассаларынан сатып алуға болады.