Жер бетінде миллионнан астам тұрғыны бар 600 қаланың тек 174-і ғана тұрақты деп танылған
Алматы «Cities in Motion» әлемнің тұрақты қалаларының рейтингіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жер бетінде миллионнан астам тұрғыны бар 600 қаланың тек 174-і ғана тұрақты деп танылған. Бұл рейтинг адами капитал, әлеуметтік бірлік, экономика, қоршаған орта, көлік, қоғамдық қызметтерге қол жеткізу сынды 100 көрсеткіш бойынша бағаланады.
Алматы – Орталық Азия елдері арасында бұл рейтингтегі жалғыз қала, яғни 128-орында тұр.
«Cities in Motion» рейтингінің Алматыны бағалау санаты бойынша:
экономика – 108-ші орын;
адами капитал – 124;
қоршаған орта – 104;
басқару – 150;
қалалық жоспарлау – 75;
көлік – 119-орында тұр.
Осылайша, Алматы Ыстамбұл, Киото, Мехико, Эль-Кувейттің алдына шықты. Ал КСРО елдері астаналары ішінде 6-орында тұр.