Алмалы ауданында 15 км болатын 18 көшеге орташа жөндеу жүргізілді
Алмалы ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін өткен жылы жалпы ұзындығы 15 км болатын 18 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, 1,3 км тротуар желісі салынды және 8 мекенжайда тротуарлар ретке келтірілді.
"2023 жылы жалпы ұзындығы 16,6 км болатын 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Әуезов көшесі Райымбек даңғылына дейін ұзартылды. Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша 3 көшеге бір бағыттағы қозғалыс енгізілді", – деді Ерболат Досаев.