Алматыда аудандар әкімдері Open space офистарында жұмыс істейді

06.11.2020 16:08

Алматының аудандық әкімдіктерінде мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі

стоп-кадр

Алматыда азаматтар үшін мемлекеттік органдарды ашық және қолжетімді ету мақсатында «Сервистік әкімдіктер» жобасы жүзеге асты. Бұл туралы Ә. Мұқажанов Instagram-дағы өзінің парақшасында барлық аудандарда «Сервистік әкімдіктер» ашылғаны туралы жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Open space форматында азаматтарға ең қажетті мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, кеңестер беріледі. Ашық кабинеттерде азаматтарды аудан әкімдері мен оның орынбасарлары қабылдайды. Карантинге байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындарын абаттандыру, ТКШ, жолдар мен аулаларды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік, жарықтандыру мен сумен жабдықтау мәселелері толғандырады»,– деп жазды Алматы әкімінің баспасөз хатшысы.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп жүзеге асырылған жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтарға ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, кедергісіз ортаны қалыптастыру.

«Мемлекеттік қызметтерді алу процесі тұрғындар үшін барынша жеңілдетілген әрі ыңғайлы болып отыр. Бұл – ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келеді», – деп атап өтті Ә. Мұқажанов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Барлық аудандарда «Сервистік әкімдіктер» ашылды. Open space форматында азаматтарға ең қажетті мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, кеңестер беріледі. Ашық кабинеттерде азаматтарды аудан әкімдері мен оның орынбасарлары қабылдайды. Карантинге байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындарын абаттандыру, ТКШ, жолдар мен аулаларды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік, жарықтандыру мен сумен жабдықтау мәселелері толғандырады. Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп жүзеге асырылған жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтарға ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, кедергісіз ортаны қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтерді алу процесі тұрғындар үшін барынша жеңілдетілген әрі ыңғайлы болып отыр. Бұл – ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келеді. - Во всех районах открылись «Сервисные акиматы». В формате Open space горожанам оказываются самые необходимые госуслуги и предоставляются консультации. В прозрачных кабинетах ведется прием граждан акимами районов и их заместителями. В связи с карантином встречи проходят в онлайн-формате. Горожан волнуют вопросы благоустройства, ЖКХ, ремонта дорог и дворов, общественной безопасности, освещения и водоснабжения. Главная цель проекта, реализованного совместно с Департаментом по противодействию коррупции Алматы, — повысить открытость и доступность государственных органов для граждан, сформировать безбарьерную среду. Процесс получения госуслуг становится максимально упрощенным и удобным для жителей, что соответствует озвученному Президентом страны принципу «Слышащее государство».

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov) 5 Ноя 2020 в 8:46 PST