Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездеседі

17.06.2022 в 13:49

Кездесу сағат 15.00-де өтеді

17 маусым сағат 15:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу Жамақаев көшесі 145 мекенжайында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді.

Бұл - қала әкімінің тұрғындарымен алтыншы кездесуі. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.