Алматыда қай көшелер уақытша жабылады

08.05.2023 16:10

Тұрғын үйлерге ыстық су уақытша кесте бойынша беріледі

elements.envato.com

Алматы қаласында 10 мамырдан 30 тамызға дейін жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты бірнеше көшеде автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін) өтетін жол жабылады.

Бостандық ауданында қозғалыс Ганди көшесінде («Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) тоқтатылады.

Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта құрылымдау жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Тұрғын үйлерге ыстық су уақытша кесте бойынша беріледі.

«Алматы жылу жүйесі»  ЖШС мәжбүрлі қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып жүру жолын алдын ала жоспарлауды сұрайды.