Алматының коммуналдық қызметі қалай жұмыс істеп жатыр

09.11.2023 16:13

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

9 қараша күні сағат 09:10-дан бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады, жауын-шашын 10 қарашаның таңына дейін болады деп болжануда. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада жауын-шашын мөлшері 0,4-0,5 мм-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты, арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, ықтимал су басудың алдын алу және жою мақсатында 39 кезекші бригада, 184 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпалар және 804 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1850 қап құм жиналды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 10 қарашаның таңына дейін орташа жаңбыр жауады, күндіз температура +8...+10, түнде + 4...+6 градус болады.