Түрксіб ауданында көлік қозғалысы желісіне 100-ден астам жаңа автобус шығады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аталған аудан тұрғындарымен кездесуде хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл соңына дейін Түрксіб ауданының автобус паркі 50%-ға жаңартылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аталған аудан тұрғындарымен кездесуде хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2024 жылы  жылжымалы составты одан әрі жаңарту және 20 маршрутты күшейту жоспарлануда (№ 2, 3, 30, 34, 50, 56, 59, 71, 73, 74, 77, 79, 86, 92, 113, 120, 121, 123, 135, 138), оның ішінде 5 бағыт бойынша  104 жаңа автобус ағымдағы жылдың І тоқсанында жүретін болады", - деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, 2023 жылы  көлік қызметінің  сапасын арттыру мақсатында Түрксіб ауданының 5 жаңа бағыт үшін 171 автобус сатып алынған(№ 9, 89, 216, 223, 234; 41 автобус) және 7 маршрут бойынша  жылжымалы состав (№ 8, 13, 17, 38, 46, 47, 69; 130 автобустар) жаңаруда.

Сонымен қатар "Қайрат" шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша "Восток" автобус паркін "Жетісу Жетісу" базарының аумағынан ("Камаз центр" ауданына) көшіру жүргізілуде, ол 2024 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Алматы автопаркі 1150 жаңа эко автобуспен толықтырылды. Соңғы 11 жылда алғаш рет 100 троллейбус сатып алынды, 2024 жылы тағы 100 бірлік сатып алу жоспарлануда, бұл троллейбус паркін 100% жаңартуға мүмкіндік береді.

Новости партнеров