Электр желісі: Медеу ауданы 100% сыртқы жарықпен қашан қамтамасыз етіледі

22.08.2024 в 16:14

Жыл басынан бері ауданда 1 650 шам орнатылған

elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен есептік кездесуде электр желілерін жаңғырту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл басынан бері ауданда сыртқы жарықтандыруды жаңғырту шеңберінде 1 650 шам орнатылып, 23,3 км кабель желілері ауыстырылды, тағы 288 шам орнату мен 35,7 км кабель желілерін ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін аяқталады.

Сыртқы жарықтандыруды жаңғырту шеңберінде 90 бау-бақша серіктестіктерінде сыртқы жарықтандыру желілерін салуға қосымша ЖСҚ әзірленуде. Жұмысты келесі жылдың басында бастау жоспарлануда.

"Бұл Медеу ауданын 2025 жылдың соңына дейін сапалы көше жарығымен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді қала басшысы.

Сонымен қатар пилоттық жоба аясында Медеу ауданында ескерткіштерді сәулеттік жарықтандыру жұмысы басталды. Қазір жаңа технология бойынша екі ескерткіш  — Абай мен Ш. Уәлиханов ескерткішіне жарық орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 18 ескерткішті жарықтандыру аяқталады.

Алматыда барлығы 4,8 мың км сыртқы жарықтандыру желілері бар. 2024 жылы сапалы жарықтандыруды қамтамасыз етуге аудан әкімдігімен 9,9 млрд теңге қарастырылған. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында мегаполисте сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету 2024 жылы 85%-ға, ал 2025 жылы 100%ға дейін жеткізіледі.