Алматы қаласы әкімдігі 2022 жылғы 10-14 қазан аралығында www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қосымша іріктеуді жүзеге асырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бағдарламаға 2022 жылдың негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде (2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін) өтінім берген, бірақ құжаттардың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана қатысты.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 2135 қатысушы өз өтінімдерін редакциялады және құжаттарын жаңартты.
Барлық келіп түскен өтініш пен құжаттардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексерілді және әр сала бойынша ең көп жинаған баллдар саны бойынша тізім қалыптастырылды.
Іріктелген қатысушылардың тізімі, резервке енгізілген және қабылданбаған қатысушылардың тізімдері өтінімдерді қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылған.
Іріктелген 183 үміткерлерге сайттағы жеке кабинетке «Отбасы банк» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілді.
Еске салсақ, осы Бағдарлама аясында кемінде 1000 несие беру жоспарланған. Бүгінде бағдарлама бойынша 829 қатысушы баспаналы болды, тағы 27 қатысушы баспана іздеуде.