Жетісу ауданында екі жаңа жастар саябағы ашылады

08.09.2022 16:16

Жұмыстар 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады

turkystan.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, саябақтардың біреуі Рысқұлов даңғылындағы көпірдің астында, Сүйінбай даңғылының бұрышында, екіншісі "Айнабұлақ-1" шағынауданындағы сайда болады.

"Сонымен қатар, осы жылдың қараша айында "Көкжиек" шағынауданында және "Айнабұлақ" шағынауданындағы Жұмабаев көшесінің бойында ұзындығы 1300 метрлік 2 жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталады", - деді әкім.

Оның айтуынша, биылғы тамыз айында "Кемел" шағынауданында парк аймағын абаттандыру жұмыстары басталды. Барлығы 10 га аумақ абаттандырылады. Жұмыстар 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады.