Қазір Алматы қаласы Әділет департаменті сот орындаушыларының нысандарды бұзу күнін белгілеуі күтілуде
Алматыда сот шешімі бойынша Төле Би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында мемлекеттік қордың жерлерінде орналасқан бірқатар сауда нүктелері мен кафелер сүріледі. Бұл учаскені кәсіпкер жалға алу құқығында үш жыл мерзімге иеленген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен жасаудан бас тартты. Сондықтан Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінді.
Нәтижесінде, 2021 жылғы 15 қыркүйекте мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған нысандарды сүріп, учаскені жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге апелляциялық сотта үшінші тарап наразылық білдірді. Осы талап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қарауынсыз қалдырылды және бірінші сатыдағы соттың шешімі ұзақ сот талқылауларынан кейін заңды күшіне енді.
Қазір Алматы қаласы Әділет департаменті сот орындаушыларының нысандарды бұзу күнін белгілеуі күтілуде.