Алматы қаласында 28 қараша күнінің бірінші жартысынан бастап қалың қар үзілістермен жауа бастады. 29 қараша сағат 07.00-дегі жағдай бойынша қалаға 3-10 см, таулы аймақтарға 15-25 см, тау бөктеріне 25-40 см қар түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 3485 тонна материал пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қаладағы түнгі қар тазалау жұмыстарына 574 техника бірлігі, оның ішінде 275 құмлақтырғыш және 500 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.
Қазгидрометтің болжамы бойынша 29 қарашада ауа температурасы күндіз -2, -4 градус.
29 қарашаға 555 бірлік арнайы техника мен 1614 жол жұмысшысын жұмылдыру жоспарланған.