Алматыда 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды

03.09.2024 16:17

Учаскенің ұзындығы 1220 метрді құрады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды. Учаскенің ұзындығы 1220 метрді құрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау объектісін және 27 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталды.

Жалпы, қалада ағымдағы жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желісін қайта жаңарту жоспарлануда. Алматының 6 ауданында жылу аралық кезеңге жоспарланған реконструкция бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Оның негізгі бөлігі соңғы кезеңге өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда қыркүйектің ортасына қарай Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады