|
18.07.2024 | 11:20
304

Алматының Әуезов ауданында 120 аула жөнделуде

Күрделі жөндеу аясында спорттық және балалар ойын алаңдары жаңғыртылып, орындықтары мен тиісті құрылғылары бар демалыс аймақтары жабдықталады

Алматының Әуезов ауданында 120 аула жөнделуде elements.envato.com

Алматының Әуезов ауданында биыл 120 аула жөнделеді. Бұл туралы Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполис басшысы атап өткендей, 120 ауланың 23-і күрделі жөндеу аясында абаттандырылады, қалған 97-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа 2,09 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар қазірдің өзінде басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Күрделі жөндеу аясында спорттық және балалар ойын алаңдары жаңғыртылып, орындықтары мен тиісті  құрылғылары бар демалыс аймақтары жабдықталады.

Аулаларды абаттандыру «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, бекітілген әдістеме бойынша жүргізіледі.

Әуезов ауданы халық саны мен көпқабатты тұрғын үйлер саны бойынша ең ірі аудандардың бірі. Осыған байланысты аулаларды абаттандыру және жаңғырту-басым мәселелердің бірі. Өткен, 2023 жылы аудан әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 150-ден астам аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында апатты жағдайдағы ғимараттың орнына жаңа мектеп ашылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир