Осы жылдың қараша айының соңына дейін
Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық көлік жұмысының сапасын арттыруға үнемі көңіл бөледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол 2023 жылдың қараша айының соңына дейін Алатау ауданы бойынша 20 аялдама кешенін салу жоспарланғанын хабарлады. Сонымен қатар, 4 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылды: №46, 69, 109, 122.
"Бұл тек 65 автобус. Биылғы жылдың 4 тоқсанына дейін тағы 52 бірлік жылжымалы құрамды 4 маршрутты жаңарту жоспарлануда: №24, 125, 19, 88", - деді Алматы әкімі.