Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.
2024 жылдың сәуір айында жылдық инфляция наурыз айында 9,7%-дан 9,1%-ға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-8%-ға дейін баяулайды деп болжануда.
Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар – 87 мың), оның 61%-ы тұрақты. Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7%-ға дейін төмендейді.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құрады (республика бойынша – 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4%-ға, нақты мәнде 6%-ға өсті.