Санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуына бақылауды күшейту аясында Алматыда мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
2020 жылдың 14-16 қарашасы аралығында мониторингтік топтар 78 нысанды тексеріп, карантин тәртібін бұзған 44 нысан анықталды.
Осылайша, Алатау ауданында мониторингтік топтар жұмыс режимін бұзған үш нысанды анықтады:
- Алтынкөл к. 1А мекенжайы бойынша «Хан» дәмханасы;
- Н. Данченко к. 44А мекенжайы бойынша «Шамо» бильярд клубы;
- Рысқұлов д.103/3 мекенжайы бойынша «Хан» донері.
Алмалы ауданында белгіленген жұмыс режимін сақтамаған және қызметіне тыйым салынған нысандар анықталды:
- Досмұхамедов к. 68б мекенжайы бойынша «Профсоюз» бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Абылай хан д. 92 мекенжайы бойынша «Лолита» бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Жамбыл к. 129 мекенжайы бойынша «Арагоста» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы.;
- Шевченко к. 100 мекенжайы бойынша «Феномен» караокесі — нысан тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Наурызбай батыр к. 85 мекенжайы бойынша «Гранд опера» қонақүйі (Лобби-бар жұмыс істеп тұрған) — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Қабанбай батыр к. 320 мекенжайы бойынша «Алазани» мейрамханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Сейфуллин д. 519 мекенжайы бойынша «Loto club» бинго-клубы — нысан тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Абай д. 143 мекенжайы бойынша «Tennisi.kz» букмекерлік кеңсесі — нысан тыйым салынғанына қарамастан жұмысын жалғастырған;
- Абылай хан д. 92А мекенжайы бойынша «Лолита» бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Сейфуллин д. 473 мекенжайы бойынша «Чайхана» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Шевченко к. 148 мекенжайы бойынша «Контраст» лаунж-бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Бөгенбай батыр к. 134 мекенжайы бойынша «Эндорфин» бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы.
Әуезов ауданында бірнеше заңбұзушылық анықталып, кейбір нысандардың жұмысына тыйым салынды:
- 5 ш. а., 19б үй мекенжайындағы «Нұр» ойын клубы — нысанның қызметіне тыйым салынған;
- Жандосов к. 299/1 мекенжайы бойынша «Шахар» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Жұбанов к. 95 мекенжайы бойынша «Яссы» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы.;
- Ақсай-4, 90-үй мекенжайы бойынша «Оскар» караокесі — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Ақсай-1а, 11/2 үй мекенжайы бойынша «Алмалы» (караоке бар) мейрамханасы — нысанның қызметіне тыйым салынған;
- Науаи көшесі, 62а/1 үй мекенжайы бойынша «Sharik-Marik» теннис клубы — нысанның қызметіне тыйым салынған;
- Ақсай-1а, 11/2 мекенжайы бойынша донер — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Рысқұлбеков к. 31 мекенжайы бойынша «Медина» бильярд клубы — нысанның қызметіне тыйым салынған;
- Ақсай-1, 11/7 үй «GO» компьютер клубы — нысанның қызметіне тыйым салынған;
- Ақсай-4, 17А мекенжайы бойынша «Маями» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Алмас, 5 ш. а. мекенжайы бойынша «Луна» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
Бостандық ауданының мониторингтік топтары келесі бұзушылықтарды анықтады:
- Әуезов к. 181 мекенжайы бойынша «Mr. Donerci» тез тамақтану дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Айманов, көшесі 208а мекенжайы бойынша «Vivaldi» мейрамхана кешені — караоке қызмет еткен;
- Абай д. 10 мекенжайы бойынша «Queer» бары — кальян сату және сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Розыбакиев к. 250Б мекенжайы бойынша «Бункер» лаундж-бары — сағат 22:00–ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Абай д. 76 мекенжайы бойынша «Мята Фуд» лаундж-бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Абай д. 26Г мекенжайы бойынша «Центральная мята» лаундж-бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Тимирязев к. 31 мекенжайы бойынша «Efe» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Тимирязев к. 32В мекенжайы бойынша «Versalilles» мейрамханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Әл-Фараби д. 140А/4 мекенжайы бойынша «Little Brazil» мейрамханасы — сағат 22:00–ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
Медеу ауданында келесі сипаттағы заңбұзушылық анықталды:
- Гоголь к. 73 мекенжайы бойынша «Танцы бар» түнгі клубы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Достық д. 192/2 мекенжайы бойынша «Небо» ресто-бары — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Халлиулин к. 34/90 мекенжайы бойынша «Tennisi.kz» букмекерлік кеңсесі — нысанның қызметіне тыйым салынған;
- Жібек жолы д. 66/10 мекенжайы бойынша «Bacha» түнгі клубы — нысанның қызметіне тыйым салынған.
Наурызбай ауданында салтанатты шаралардың өткізілуі анықталып, жолы кесілді:
- Бегайыл к. 2 мекенжайы бойынша «Саудабай» мейрамханасы — банкет өткізілген (үйлену тойы);
- Ерубаев к. 8/9 мекенжайы бойынша «Бәйтерек» мейрамханасы — банкет өткізілген (үйлену тойы).
Түрксіб ауданында да бірнеше заңбұзушылық анықталды:
- Сейфуллин д. 35а мекенжайы бойынша «Виноград» дәмханасы — сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Жас қанат ш. а., 231 мекенжайы бойынша «Золотая пена» сыра бары- сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы.
Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беру үшін іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға берілетін болады. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылардың жауапкершілігі ұйымның қызметін тоқтата тұруға дейін қарастырылған.