Ерболат Досаев: Алатау ауданында 300 бейне мониторинг жүйесі орнатылады

19.01.2023 16:23

Жұмыстың басым бағыттарының бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады

gov.kz

Алатау ауданын көше жарығымен толық қамту үшін өткен жылы жарық жартылай орнатылған 513 көшесі мен 31 жарығы жоқ аулалары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Оның ішінде 2022 жылы 135 көшеде сыртқы жарық орнату жұмыстары басталды, олар ақпан айының аяғына дейін аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша жұмыстың басым бағыттарының бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда Алатау ауданында 700 көпқабатты үй орналасқан, ондағы 1237 подъездге 3071 бейнебақылау камерасы орнатылған.

«БМЖ-3050» жобасының аясында өткен жылы қозғалысы едәуір жоғары көшелерде, азаматтар көп жиналатын орында 327 бейне мониторинг жүйесін орнату аяқталды. Биыл Алматы қаласы бойынша бейне мониторинг жүйесі камерасының жалпы саны 6000-ға дейін көбейтіледі, оның ішінде шамамен 300 бейне мониторинг жүйесі Алатау ауданында орналасатын болады», – деді қала әкімі.