Алматыда 2022 жылға дейін жаңа СОО, ірі автосалон, гипермаркет және сауда ойын-сауық кешені салынады

render.ru
render.ru
Е. Оразалин айтқан тағы бір жоба – Алмалы ауданындағы Oxygen Plaza бизнес орталығы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметі  брифингінде Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин бірқатар кәсіркерлік нысандарын таныстырды. Жыл соңына дейін қалада сауда және қызмет көрсету саласында барлығы 80-ге жуық жаңа жоба пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солардың бірі «Almaly Mall» сауда, ойын-сауық орталығы, оны осы  жылдың қазан айында Бостандық ауданының Республика алаңында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Е. Оразалиннің айтуынша, жаңа СОСО-да кемінде 70 сауда  алаңын жалға беру мүмкіндігі пайда болады.

Е. Оразалин айтқан тағы бір жоба – Алмалы ауданындағы Oxygen Plaza бизнес орталығы, оны маусым айында пайдалануға береді.

«Ғимарат аумағы 24 мың шаршы метрден асады, бірақ шын мәнінде бұл қосымша 3,5 гектар жер, онда түрік инвесторлары Downtown Almaty салуды жоспарлап отыр, онда бизнес-орталықтар, люкс класындаңы аппартаменттер және қонақ үй, молекулярлы ас үй мейрамханалары орналасады», деп хабарлады Е. Оразалин.

2021 жылдың желтоқсанында Медеу ауданында Құлжа трактінде MYCAR KZ. Автосалоны пайда болады.

«Біз ашық аспан астындағы автобазарлар форматынан ауысып жатырмыз. Бұл автосалон заманауи автомобиль орталығы, онда Алматы тұрғындары біраз уақыт мінілген автокөліктерді сату және сатып алу мүмкіндігін алады», – деп жалғастырды жаңадан салынып жатқан жобалар туралы Е. Оразалин.

Жаңа кәсіпкерлік нысандары Алматының шет жақтарында пайда болады. Мысалы, Солтүстік айналым ауданында 6 жоба іске қосылады, олардың бірі аумағы 17 мың шаршы метр болатын «Рахат» базары.

«Бұл базарда 120 сауда орнын ұйымдастыру мүмкіндігі болады. Бұл жылытылатын, кондиционер жүйесіне қосылған, өрт қауіпсіздігі жүйесі бар ғимарат. Базарларды заңдастыру тауар айналымын да заңдастыруды қажет ететінін атап өткім келеді. 6 базар бойынша тауар айналымын 400 млн теңгеге дейін арттыруды күтудеміз»,– деді Е. Оразалин.

2022 жылдың желтоқсан айында Алматыда Әуежай бағытына қарай Құлжа тракті аумағында Aport Mall сауда, ойын-сауық орталығы пайда болады. Оның аумағы 150 мың шаршы метрді құрайды.

«Бұл жобаның бірегейлігі – аумақтың тек 50%-ы сауда бутиктерін орналастыруға бағытталады, қалған бөлігі көңіл көтерудің жаңа түріне – саябақ аймағы мен алма аллеясы бар «Ақылды демалыс» үшін жұмылдырылады», – деді Алматының шет жақтарын дамыту туралы егжей-тегжейлі баяндаған басқарма басшысы.

Е. Оразалин 2022 жылдың қарашасында құрылыс материалдарын сату бойынша тағы бір Leroy Merlin гипермаркетін іске қосу жоспарланғанын хабарлады.

Новости партнеров