Зерделі ықшамауданындағы жағдай қала әкімінің жіті бақылауында

30.10.2020 16:25

Зерделі ықшамауданында 30 көппәтерлі 9 қабатты тұрғын үй 2012-2016 жылдары салынған болатын

Instagram Асета Мукажанова

Алатау ауданына жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев Зерделі ықшамауданы тұрғындарымен кездесті және үйлерді тексеру әрі нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлағандай, Алматы әкімі Б. Сағынтаев тұрғындарды барлық үйлердің тексерілетініне, қажет болған жағдайда нығайтылатындығына сендірді. 

«Қаржы бөлінді, жұмыс жүріп жатыр», — деді мегаполис әкімі.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев ағымдағы жөндеу жұмыстарына және ықшамаудан аумағын абаттандыруға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековке тиісті тапсырмалар берілді.

2016 жылы 6 үйдің іргетасы нығайтылды (1/136, 1/148, 1/170, 1/153, 1/156, 1/158). Күшейту және тегістеу жұмыстары кепілдік міндеттемелері аясында мердігерлердің қаржысы есебінен жүргізілді. Биылғы жылы әкімдіктің тапсырмасы бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары қалған 24 тұрғын үйдің іргетастары мен тіреуіш құрылымдарына сараптама жүргізуде.

Бүгінгінде 7 үйді нығайту туралы қорытындылар алынды, оның ішінде 4 үйде іргетастарын нығайту (1/160, 1/161, 1/179, 1/180) жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде 3 үй (1/165, 1/167, 1/168) нығайтылуда. Қалған 17 үйге сараптама жүргізілуде, оның аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айы. Қорытынды алынғаннан кейін, қажет болған жағдайда нығайту жұмыстары жүзеге асырылады.

Зерделі ықшамауданында 30 көппәтерлі 9 қабатты тұрғын үй 2012-2016 жылдары салынған болатын.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

«Зерделі» ықшамауданындағы жағдай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жіті бақылауында. Алатау ауданын аралаған кезде Б. Сағынтаев осы ықшамауданның тұрғындарымен кездесіп, үйлерді тексеру мен нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Қала әкімі барлық үйлердің тексеріліп, қажет болса күшейтілетінін мәлімдеді. Қаражат бөлінді, жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ Б. Сағынтаев ықшамаудан аумағын ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша сұрақтарға да жауап берді. Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековке тиісті тапсырмалар берілді. Аким Алматы Бакытжан Сагинтаев держит на контроле ситуацию в мкр. «Зердели». Во время рабочего объезда Алатауского района Б. Сагинтаев встретился с жителями этого микрорайона и рассказал о проводимой работе по обследованию и укреплению домов. Аким города заверил, что все дома будут обследованы и при необходимости усилены. Средства выделены, работа ведется. Также Б. Сагинтаев ответил на вопросы о текущем ремонте и благоустройстве территории микрорайона. Акиму Алатауского района А. Калдыбекову даны соответствующие поручения. В 2016 году были усилены основания 6 домов (1/136,1/148, 1/170, 1/153, 1/156, 1/158). Работы по укреплению и выравниванию проведены за счет средств подрядных организаций в рамках гарантийных обязательств. В текущем году по заказу акимата специалисты АО «КазНИИСА» проводят обследование оснований и несущих конструкций оставшихся 24 жилых домов. На сегодняшний день получены заключения по усилению 7 домов, из которых работа по укреплению оснований завершена по 4 домам (1/160, 1/161, 1/179, 1/180). На данный момент ведется усиление 3 домов (1/165, 1/167, 1/168). По оставшимся 17 домам ведется обследование, срок завершения — декабрь 2020 года. После получения заключения в случае необходимости будет проведено усиление. 30 многоквартирных 9-этажных жилых домов были построены в мкр. «Зердели» в 2012-2016 гг.

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)29 Окт 2020 в 10:17 PDT