Алматыда қандай қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтары жұмыс істеп тұр

13.01.2022 16:25

Бүгінде барлық 52 сауда базары жұмыс істейді

tengrinews.kz

Алматыдағы супермаркеттердің, базарлардың, СОСО-ның, қоғамдық тамақтандыру мен кәсіпорындардың жұмысы туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында 149 ірі және орта супермаркеттердің 140-ы (94%) жұмыс істейді. 31 сауда объектісі зардап шекті, оның ішінде «Магнум» - 19 (14 жойылды), «Тоймарт» - 11 (10 жойылды), «Интерфуд» - 1. Олар 14 қаңтардан бастап EsentaiGourmet, «Галмарт» ашуды жоспарлап отыр.

Бүгінде барлық 52 сауда базары жұмыс істейді.

Қала бойынша 220 ЖЖҚБ бар, оның ішінде 168 ЖЖҚБ ашылды (76,4%). Бүгін 5 желілік емес жеке ЖЖҚБ ашу жоспарлануда.

Қалада 93 ірі сауда объектісі бар (СОСО, СО, ТҮ). 13 қаңтардағы жағдай бойынша 14 СОСО («Глобус», «Спутник», «Ритц Палас», «Алма-Ата», «Гранд парк», «Алматы молл», «Достық плаза», «Мега парк», «Мега Алма-Ата», «Атакентмолл», «Март», «Силкуэй сити», «Алатау», «АДК), сондай-ақ 61 СО және т.б. жұмыс істей бастады. 14 қаңтардан бастап «Есентаймолл» СОСО жұмысын бастауға дайын. «Форум» СОСО қаладағы жағдай тұрақтанғаннан кейін келушілер үшін ашық болады.

ТЖ-дың соңына дейін спирттік ішімдіктерді сатпай-ақ 9.00-ден 18.00-ге дейінгі режимде 2 мыңға жуық қоғамдық тамақтану объектілері (65%) ашылды. Бүгін (13 қаңтар) 500-ге жуық қоғамдық тамақтану нысандарын ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 39 қоғамдық тамақтану объектілеріне залал келтірілгені анықталды.

Бүгінде қаладағы 120 кәсіпорынның 91-і жұмыс істейді. Қалғандары 14-19 қаңтар аралығында іске қосуды жоспарлап отыр.