|
04.12.2021 | 11:36
2894

Алматының Түрксіб ауданында тұрғын үй қорын жаңарту инвесторлар есебінен жеделдетілді

Бүгінде 607 үй реновацияны қажет етеді

Алматының Түрксіб ауданында тұрғын үй қорын жаңарту инвесторлар есебінен жеделдетілді aigak.kz

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мегаполистің бұл бөлігі біртіндеп ескі үйлерден арылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде 607 үй реновацияны қажет етеді.

Алматыда ескі үйлерді бұзу бағдарламасына инвесторлар тартылды. Осылайша, оны іске асыру жеделдетіледі. Бүгінде ауданның көппәтерлі тұрғын үй қоры 1 209 үйді құрайды, оның 50%-ы тозығы жеткен үйлерге жатады.

«Бұл мәселені шешу үшін Сауранбаев - Спартак - Чернышевский - Ақынов көшелерінің бойында 13 ескі екіқабатты тұрғын үйді бұзу жоспарланған. Аталған учаскеде 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі кезде Сауранбаев, 18  көшесі бойынша 62 пәтерге арналған 3 көп қабатты үйдің құрылысы аяқталды», – деді  аудан әкімі.

Бұдан басқа, биыл екіқабатты үш үй бұзылып, олардың орнына 7 бесқабатты үй салынады, аяқталу мерзімі – 2022 жылдың 3-ші тоқсаны.

Сейфуллин-Кассин-Котельников көшелерінің  кварталында  30 сегіз пәтерлі ескі үйлерді реновациялау басталды. Аталған учаскеде 820 пәтерлі 27 алты қабатты үй салынады. Қазіргі уақытта 2 үй пайдалануға берілді, 12 үй бұзылған соң 100 отбасы қоныс аударатын болады.

Сондай-ақ Осипенко көшесінде екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, нысанды тапсыру мерзімі 2022 жылдың 2-ші тоқсаны.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир