Қала күніне орай Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгереді

12.09.2024 16:26

Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала күніне орай өтетін ауқымды мерекелік іс-шараларға байланысты 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесі Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, осы уақыт аралығында 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді.

Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттар. «Астана» алаңын шығыс бағытта Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтеді. Сонымен қатар №16 және 126 бағыттары аталған аумақты Гоголь көшесімен айналып өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда Төле би көшесі жабылады