Өнім ассортиментінде 40-тан астам атаулар бар
29-30 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жәрмеңкеге Қарағанды облысының 7 аудан және өңірдің 3 қаласының (Қарағанды, Саран, Шахтинск) фермерлері қатысады.
Өнім ассортиментінде 40-тан астам атаулар бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік, жануар майлары және т. б.).
Өнімнің жалпы көлемі – 222 тонна, оның ішінде:
• Ет өнімі – 50 тонна;
• Жеміс-көкөніс өнімі – 155 тонна;
• Сүт өнімі – 4 тонна;
• Балық өнімдері – 3 тонна;
• Өзге өнімдер – 10 тонна.
Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында («Ғылым ордасы» археология мұражайына қарама-қарсы).