Алатау ауданындағы Шаңырақ-1 шағынауданында жаңа мектеп салынады

18.07.2022 в 16:28

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты

ашық дереккөз

Алатау ауданындағы Шаңырақ-1 шағынауданында жаңа мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Шаңырақ-1 шағынауданында 41 мектептің орнына жаңа мектеп саламыз. Жер сұрағы болды, Қорғаныс министрлігі ол жерді гвардияға берді. Менің тапсырмам бойынша ол жерді алғаннан кейін біз жаңа мектепті саламыз", - деді Ерболат Досаев.