24 шілдеде Алматының Алмалы ауданында суық су болмайды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл жөнінде «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алмалы ауданында бірнеше сағат суық су болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі мәлім етті. 

«24 шілде таңғы сағат 9-дан кешкі 17:00-ге дейін Алмалы ауданының мына аумақтарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады: Төле би – Әйтеке би – Байзақов – Амангелді шаршы көшелерінде», – деп хабарлады компаниядан.

Суық сумен жабдықтау қызметін шектеуге осы аудандағы жабдықтарды ауыстыру жұмыстары себеп болып отыр. Өтінім негізінде денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандарына су жеткізіледі.

«Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеміз. Сұрақ туындаса 274-66-66 телефон нөміріне хабарласыңыздар», – дейді кәсіпорыннан.

Новости партнеров