«Ерменсай» шағынауданындағы электр желісі Алматы балансына беріледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы Ерболат Досаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ерменсай» шағынауданындағы электр желісі тамыз айында Алматы балансына беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданның өзекті мәселелердің бірі «Ерменсай» шағын ауданында «Қалалық сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС электрмен және сумен жабдықтау бойынша қызметтерінің сапасыз көрсетілуі екенін атап өтті.                        

«Табиғи монополияларды реттеу департаменті жүргізген тексерулердің нәтижесінде осы кәсіпорынның қызметінде бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, аудандық полиция басқармасы осы жылдың 20 маусымында кәсіпорын тарапынан заңсыз әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Әкімдік өткізген келіссөздерден кейін 26 маусымнан бастап қаланың балансына 4,4 км электрмен жабдықтау әуе желілерін беру жұмыстары жүргізілуде, оны 2023 жылдың тамызында аяқтау жоспарланып отыр», - деді ол.

Новости партнеров