|
16.10.2023 | 11:30
47482

Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды

Ол барлық талап пен стандартқа, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып салынған

Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата Алматы

Оқушылар мен жақын маңдағы шағынаудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Рысқұлов даңғылында «Парасат» тұрғын үй кешенінің жанында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рысқұлов даңғылы мен Сазановская көшелерінің қиылында ортасында бөлу жолағы бар 3 жолақты көлік құралдарының қозғалысы ұйымдастырылған. Бұған дейін бұл жол қозғалысы ережесін бұзып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншілерге айтарлықтай қауіп төндірген.

Халықтың іргелес аумаққа көптеп қоныстануына байланысты осы жол телімінде қауіпсіз өтудің қажеттілігі туындады. Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде тұрғындар осы ауданда жерүсті өткелін орнатуды сұраған.

Қысқа мерзімде жаяу жүргіншілер көпірін салу жобасы әзірленді, ол 2023 жылдың 2 тоқсанында басталып, қыркүйекте аяқталды.

Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы көлік қозғалысы мен тротуар бойындағы жаяу жүргіншілердің жүрісін шектемей өте қысылтаяң жағдайда жүргізілді.

Жаяу жүргіншілер өткелі барлық талап пен стандартқа, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып салынған. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер көпірі көтергіш құрылғымен жабдықталған, онда тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың (мүгедек арбамен жүретін) жүріс-тұрысы үшін барлық қажетті шешім қарастырылған, ал энергиямен жабдықтауда үзілістер болса апаттық тоқ генераторы қарастырылған. Бұған қоса, жаяу жүргіншілер өткелінде тактильді тақталар орнатылған.

Жаяу жүргіншілер көпірінің аралық құрылымы арка тәрізді, көпірдің тіреуішіне берік болат пайдаланылып, металл конструкциядан жасалған, бұл сейсмикалық жағдайында бүкіл құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир