Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің (тоқсан ішінде 8 кездесу) және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (ай сайын 1 кездесуден) бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жылдық күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін барлығы кем дегенде 48 кездесуге дейін өткізу қарастырылған (24 – қала әкімі, 24 – аудан әкімі).
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі 14 сәуірде сағат 15.00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайда орналасқан Бас жоспардың ғимаратында өтеді.
Сәуір айы ішінде кестеге сәйкес аудан әкімдерінің халықпен 13 кездесуі өтеді.
Алматы қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесуінің кестесі