Бас жоспардың негізгі мақсаты – Алматының барлық ауданында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру
Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС 2040 жылға дейін Алматы қаласының жаңа бас жоспарын қоғамдық талқылауды бастады. Бірінші күні стратегиялық құжаттың жобасы сарапшылардың, жұртшылық өкілдерінің және қаланың барлық аудан әкімдерінің қатысуымен талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қолданыстағы бас жоспар 20 жылдан астам уақыт бұрын – 2002 жылы бекітілді және қала қажеттіліктерінің өсуін ескермеді. Осы уақыт ішінде қала аумағы екі есе ұлғайды – 33 898 гектардан 70 348 гектарға дейін, Алматы халқының саны 285 мыңға көбейді. Қала агломерация орталығына айналды, оның экономикасы өзгерді. Қаланың екі есе ұлғаюы аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне кері әсерін тигізді.
Бас жоспарға енгізілген түзетулер оны жан-жақты жетілдіре алмады: құжат өзгерістерді ескермеді, өзектілігін жоғалтты және түбегейлі қайта қарауды қажет етті. Сондықтан өткен жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 2040 жылға дейінгі іске асырылуының уақытша көкжиегін белгілей отырып, жаңа бас жоспарды жасау қолға алынды.
Жаңа бас жоспарды әзірлеу «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен» тығыз байланысты. Бас жоспардың негізгі мақсаты – Алматының барлық ауданында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру.
Құжатты әзірлеу кезінде мамандар озық цифрлық технологияны және әлемдік дизайн тәжірибесін (Space Syntax) пайдаланды. Модельдеу құралдары дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын және олардың ұтқырлыққа, жер құнына және адамдардың денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.
Жаңа бас жоспар Алматының даму векторын белгілейді, олар: агломерациямен неғұрлым тиімді байланыстағы үйлесімді мегаполис, қала тұрғындары мен қонақтарының өмірі, жұмысы, бос уақыты үшін тартымды және жайлы орынды қалыптастыру, мұнда әлемнің жетекші қалаларының тәжірибесі ескеріледі.
Осы мақсатқа жету үшін Алматыда 5 жаңа полиорталықтарды дамыту жоспарлануда. Олардағы қалалық орта Алматының тарихи орталығының үлгісі бойынша – көшелердің тығыздалуымен және адамдық ауқымдағы құрылыспен қалыптасатын болады.
Жоспарлау кезеңінде барлық қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылым қарастырылды. Осының арқасында полиорталықтар өмір сүрудің шағын және жайлы аудандарына, іскерлік және қоғамдық белсенділік орталықтарына айналады, қала тұрғындарының әл-ауқатының өсуі мен «теңестірілуіне» негіз жасайды. Мәдени және тарихи маңызы сақталатын тарихи орталыққа да назар аударылады, бұл ретте Кеңес кезеңінде салынған шағынаудандарды ревитализациялау бағдарламасы жүргізіледі.
Жаңа бас жоспарды қабылдау және жүзеге асыру нәтижесінде Алматы және шеберлік-жоспарларын қабылдау және іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай мыналар көрініс табады:
● өте шағын Т-тәрізді қиылыстардың көше байланысын барынша жақсарту;
● кеңістік интеграциясы мен байланысты көшелер желісі есебінен тұратын аудандар бір-бірінен және тарихи орталықтан оқшауланбайды, бұл қаланың кез келген басқа нүктесіне оңай өтуге мүмкіндік береді.
«Солтүстік – оңтүстік», «шығыс – батыс» бағыттары бойынша көлік байланыстың, сондай-ақ қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың саны мен сапасының артуы қоғамдық көлікте күнделікті күн сайн пайдалануды 1,6 есеге-2,3 млн.дейін ұлғаюына әкеледі деп күтілуде.
● кварталдармен бірге көшелердің тығыздығы 5 гектардан аспайды (10-15 км-2км-ге);
● құрылыстың экономкалық тиімділігі (120 чел/га);
● «Есіктен есікке дейін» үздіксіз жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы (2023 жылы әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейін жалпы ұзындығы 25 км20 көшелер бойынша жаяу жүргіншілер кеңістігін қайта жаңарту жоспарлануда);
● жасыл кеңістіктер байланысының желісі (скверлер, саябақтар, аллеялар, өзен жағалаулары, променадтар);
● 2040 жылға дейін оқушы орындарының тапшылығын қысқарту, 90-нан астам мектепті пайдалануға беру жоспарлануда;;
● 180 мыңға жуық жұмыс орнын құру (2025 жылға дейін – 65 мың), оның ішінде әлеуметтік салада және өмір сүруді қамтамасыз ету қызметтерінде (дәрігерлер, оқытушылар, полицейлер, өрт сөндірушілер және т.б.) шамамен 30%, 70% – мамандандырылған жұмыс орындары.
Қадамдық қолжетімділікте барлық қажетті қамтамасыз ету қағидатына сәйкес сапалы инженерлік және көлік инфрақұрылымы салынатын болады.
Қазіргі кезде Алматы қаласының бас жоспарының жобасы 2040 жылға дейін қаланың мемлекеттік органдарымен және коммуналдық қызметтерімен келісу рәсімінен өтті және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен құрылған сараптама комиссиясының қарауына жіберілді. Кейбір бөлімдер бойынша сарапшылардың ескертулері мен локальді қорытындылары алынды.
Жалпы, қоғамдық талқылаудың бірінші күні сарапшылар мен жұртшылық өкілдері бірқатар ұсыныс пен ескертулер айтты, келесі кездесу ертең, 26 қаңтарда өтеді. Үшінші күні 27 қаңтарда қаланың барлық 8 ауданы тұрғындарының қатысуымен талқылау өткізу жоспарлануда.