8 тамыз сағат 9:00-20:00 аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Алматы қаласы Медеу ауданының кейбір аумақтары суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады. Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты болып отыр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Меркі тауларындағы өрт сөндірілді