Б. Сағынтаев: «Бақытты отбасы» көпбалалы аналардың іскерлік белсенділігінің орталығына айналуда

29.10.2020 16:32

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен жылы әр ауданда «Бақытты отбасы» әлеуметтік қолдау орталықтарын ашу басты мақсат болғанын еске салды

Акимат Алматы

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді әлеуметтік қолдау орталықтарының өзгертетіні туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы өзінің ресми парақшасында өткен жылы әр ауданда «Бақытты отбасы» әлеуметтік қолдау орталықтарын ашу басты мақсат болғанын еске салды. Мұнда әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылды. Іс жүзінде олар көпбалалы аналарға арналған іскерлік белсенділіктің орталығына айналуы тиіс болды.

«Isker Ana бағдарламасы бойынша бизнес дағдыларына үйретуді бастап, инновациялық жобаларды іске қосу үшін гранттар ұсындық. Ақмарал Басирова құрған Алатау ауданының «Бақытты отбасы» орталығы бір жылдың ішінде Алматының өзге аудандары үшін ғана емес, еліміздің басқа өңірлері үшін де үлгі бола білді», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Оның айтуы бойынша мұнда әйелдерге тек кеңес беріліп қана қоймайды. Қиын жағдайға тап болған әйелдердің өздеріне қайта сенуіне, өздеріне ұнайтын нәрсені таңдап, өмір салтын толығымен өзгертулеріне көмектеседі. Аналар өз мысалында балаларға өз еңбегімен ақша табуға болатынын көрсетеді. Күн сайын мұнда 150-ге жуық әйел келеді. Бір жылдың ішінде 25 мың әйел азаматы 31 бағыт бойынша түрлі курстарда білім алды.

Алматы әкімі бір жыл бұрын орталыққа бапкер ретінде келген Мөлдір Жүнісбекованың өмірін мысалға келтірді. Ол 500-ге жуық әйелді оқытса, соның 200-і бүгін жұмыс тапты. Тіпті ол  жаңа жұмыс орындарын құруда. «БЖК-2025» бойынша 2,5 млн теңге көлемінде грантқа ие болған Мөлдір 10 әйел еңбек ете алатын тігін цехына арналған жабдықты сатып алды.

«Сәттілік серігіңіз болсын! Жақсылыққа сеніңіз! Біздің тарапымыздан әрдайым қолдау мен көмек болады», – деп қолдау көрсетті  Б. Сағынтаев.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алатау ауданының «Бақытты отбасы» орталығында 27 мың әйелге «Іскер ана» бағдарламасы бойынша ақпараттық-консультациялық-ресурстық қолдау көрсетілді.  Тренингтер мен курстарда 25 мың адам оқыды.

Сонымен қатар, «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 537 әйел білімдерін жетілдірді, олардың 300-і грант алып,  киім жөндеу, кондитер, шаштараз, маникюр салондарын ашты, балалардың даму кітаптарын жасап, автокөлік мұқабаларын тігіп және басқа да салалар бойынша өздерінің кәсіптерін бастады.

Екі әйел «Бизнестің жол картасы-2025» аясында инновациялық жобаларды іске асыруға 2-ден 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік грант алды. Өндіріс шеберханаларын  ашу үшін алаңдар беріліп, ал  өнімдерін сату үшін  базарлардан 50-ге жуық орын бөлінген.



Посмотреть эту публикацию в Instagram

Өткен жылы әр ауданда «Бақытты отбасы» әлеуметтік қолдау орталығын ашып, сосын оны көпбалалы аналардың іскерлік белсенділік орталығына айналдыруды мақсат еттік. Isker Ana бағдарламасы бойынша бизнес дағдыларына үйретуді бастап, инновациялық жобаларды іске қосу үшін гранттар ұсындық. @akma_basirova құрған @baqytty_otbasy_alatau орталығы бір жылдың ішінде Алматының өзге аудандары үшін ғана емес, еліміздің басқа өңірлері үшін де үлгі бола білді. Күн сайын мұнда 150-ге жуық әйел келеді. Бір жылдың ішінде 25 мың әйел азаматы 31 бағыт бойынша түрлі курстарда білім алды. Бір жыл бұрын орталыққа бапкер ретінде келген Мөлдір Жүнісбекованы ерекше атап өтуге болады. Ол 500-ге жуық әйелді оқытса, соның 200-і бүгін жұмыс тапты. Оның үстіне ол жаңа жұмыс орындарын құруда. «БЖК-2025» бойынша 2,5 млн тг көлемінде грантқа ие болған Мөлдір 10 әйел еңбек ете алатын тігін цехына арналған жабдықты сатып алды. Сәттілік серігіңіз болсын! Жақсылыққа сеніңіз! Біздің тарапымыздан әрдайым қолдау мен көмек болады. —— В прошлом году мы задались целью открыть в каждом районе центры социальной поддержки «Бақытты отбасы» и трансформировать их в центры деловой активности многодетных мам. По программе Isker Ana стали обучать навыкам бизнеса и предложили гранты для запуска инновационных проектов. @baqytty_otbasy_alatau, созданный @akma_basirova всего лишь за год, стал примером не только для других районов Алматы, но и для других регионов страны. Здесь не просто консультируют, а помогают попавшим в трудную ситуацию женщинам поверить в себя, выбрать дело по душе и полностью поменять образ жизни. Мамы на своем примере показывают детям, что можно зарабатывать своим трудом, не зависеть от обстоятельств. Ежедневно сюда обращаются до 150 женщин. За год 25 тысяч прошли обучение на различных курсах по 31 направлению. Впечатляет история Молдир Жунусбековой, пришедшей в центр год назад в качестве тренера. Она обучила порядка 500 женщин, из которых уже 200 нашли работу. Более того, она еще и создает новые рабочие места. Став обладательницей гранта в 2,5 млн тг по «ДКБ-2025», Молдир закупает оборудование для швейного цеха, где будут трудиться 10 швей. Желаю вам успехов!

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)28 Окт 2020 в 10:22 PDT