Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Бостандық ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесуге 350-ден астам адам келді.
Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту өзекті мәселе болып қала береді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Орбита-4» шағынауданындағы Ерғожин, Ганди көшелерінде ұзындығы 1,6 км жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Жоба 546 көппәтерлі тұрғын үйге, 20 білім беру мекемесіне және 12 денсаулық сақтау мекемесіне жылу беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Желтоқсан айының соңына дейін ауданда ұзындығы 22,5 км 751 жарық бағанасы орнатылып, ұзындығы 22,5 км желі тартылып, 83 көшедегі жарық құрылысы аяқталады.
Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 1 қыркүйекке қарай 875 орындық үш мектептер (№146, 191, 125) жанындағы қосалқы нысандар құрылысы аяқталды. 3 оқу орнында сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілді (№81, 40, 45). 30 қарашаға дейін
№9 арнайы түзету мектеп-интернатының жанындағы 120 орындық қосымша құрылыс және «Орбита-3» шағынауданында №145 сейсмикалық күшейту аяқталады. 2023 жылы Жандосов көшесі бойындағы 1100 орындық мектепті бітіріп, 2024 жылдың төртінші тоқсанына қарай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Егізбаев көшесі бойынша 2000 орынды оқу орнын салу жоспарланған.
Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын қысқарту мақсатында жыл басынан бері ауданда 854 орындық 15 жеке балабақша ашылды. Жыл соңына дейін әрқайсысы 150 орындық тағы 2 балабақша ашылады. Бұрынғы №1 балалар үйінің қолданыстағы ғимаратын 480 орындық балабақша қайта жаңартылады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың сәуіріне жоспарланған. Сондай-ақ, келесі екі жыл ішінде 540 орындық 3 мектепке дейінгі ұйым салу көзделген.
Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2023 жылдың бірінші тоқсанында саябақ аймағымен 500 келушіге арналған емхананың ЖСҚ әзірлеу басталады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Келесі жылдың бірінші тоқсанында «Керуен Медикус» жеке клиникасының перзентханасының жаңа ғимаратының және «Балалардың шұғыл медициналық көмек орталығының» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесі ғимаратының құрылысы аяқталады.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аудандағы жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 15,2 км болатын 85 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ауданда нөсер жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қала береді. ТЖ желісі бойынша 5 учаскені жою жұмыстары жүргізілуде. 2 арық өткелін (Жароков көшесі мен Сәтбаев көшесінің және Байтұрсынов көшелерінің қиылысы) қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Қалған 3 учаскені жою жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Биыл ауданда 21 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 11 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (3 - балалар және спорт алаңдары, 1-суару жүйесі және 7 - қоғамдық кеңістік). Қалған 10 жоба (8 - қоғамдық кеңістік, 1-суару жүйесі, 1 - жаяу жүргіншілер аймағы) ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін орындалады.
Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу.