Қашқар көшесінде жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады
Жайлы қалалық ортаны құру - басты стратегиялық бағыттың бірі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қала басшысы ауданда 3 саябақты жөндеу жүргізілетінін атап өтті (Мұқанов, Төле би Масанчи к-сі бұрышы, Розыбакиев көшесі), КТҮ 50 қасбеті және 59 аула аумағы абаттандырылады. Сондай-ақ Қашқар көшесінде жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.
2023 жылы Алмалы ауданында абаттандыру бойынша 25 жоба іске асырылды, оның ішінде 6 қоғамдық кеңістік пен көгалдандыру, автоматты суару құрылғысы орнатылған 19 жасыл аймақ бар. Сәулет келбетін сақтау мақсатында КТҮ-дің 47 қасбетін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін 91 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жауын-шашын кезінде су басқан учаскелер санын азайту бойынша жұмыстар атқарылды. Өткен жылы 12 учаске жойылып, 41,1 шақырым арық желісін қайта құру және салу жұмыстары жалғасуда.
- Бүгінде жалпы ұзындығы 11,5 шақырым болатын 31 учаскеде жұмыс аяқталды, қалған 29,6 шақырымды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын айтты.
- 2023 жылы бағдарлама аясында жалпы құны1,6 млрд теңге болатын 34 жоба іске асырылды. 2024 жылға қаржыландыру сомасы 2 млрд теңгеге ұлғайып, 52 жобаны іске асырылатын болады, - деп түйіндеді сөзін мегаполис басшысы.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы «Мәншүк» бағы биыл қайта жаңартылады