Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды

Mail.kz
Mail.kz
Мекеме уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының бірнеше ауданында бір күн суық су болмайды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасап.

8 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Төле би - Қожамқұлов - Гоголь - Шәріпов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. 

Сонымен қатар, 8 қыркүйек күні сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Розыбақиев- Малахов – Әл Фараби – Ә. Кекілбайұлы көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттар суық судан ажыратылады. 

9 қыркүйекте 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Б.Майлин – Ж. Ахметов – Рыбинская – Закарпатская көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттар суық су берілмейді. Сондай-ақ, Алтай-1 және Алтай-2 шағын аудандарында су құбырындағы қысым төмендейді. 

"Суды өшіру магистраль желілеріне жаңа су құбырларын қосу үшін және желідегі технологиялық құрал-жабдықтарды ауыстыру үш қажет. Мекеме уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды", - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.

 

Новости партнеров