Биыл Алматыда 22 мектеп пайдалануға беріледі

04.03.2022 16:36

2022 жылы білім беру салысына 275,2 млрд. теңге қарастырылған (жергілікті бюджет - 196,2 млрд., республикалық бюджет – 79 млрд.)

@almaty_akimat

Биыл Алматыда 14 245 оқушы орнына есептелген 22 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының Алматыны қалпына келтіру және одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау бойынша қала мәслихатының XVI сессиясы барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 2022 жылы білім беруге 275,2 млрд. теңге қарастырылған (жергілікті бюджет - 196,2 млрд., республикалық бюджет – 79 млрд.). Бюджетті осы нақтылау аясында қосымша 9,4 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

«2022 жылы оқушы орнының тапшылығын азайту мақсатында 46 мектептің құрылысы жалғасып, 14 245 оқушы орнына есептелген 22 мектеп биыл пайдалануға беріледі», - деді қала әкімі.  

Сонымен қатар Бостандық, Әуезов, Алмалы, Жетісу аудандарындағы мектептерге жапсарлас 5 ғимараттың құрылысын аяқтауға қосымша 1,8 млрд. теңге бөлу ұсынылады.