Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

14.03.2024 15:37

Күн тәртібіне сәйкес отырыста профилактикалық 7 сұрақ қаралды

Almaty.tv

2024 жылдың 12 наурызында Әдеп жөніндегі кеңес отырысының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес отырыста профилактикалық 7 сұрақ қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңестің кезекті отырысына Алматы қаласы әкім аппараты басшысының орынбасары, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы, Жетісу және Алмалы аудандары әкімдігінің аппарат басшылары, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Мемлекеттік басқару академиясының директоры және Алматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі және тағы да басқа қызметкерлер шақырылды.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші сұрақ бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.

Тек 2024 жылдың 2 айында жүргізілген мониторинг нәтижесінде, жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тартылған 35 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілгені атап өтілді.

Сонымен қатар кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тартылу мәселелерінің алдын алу мақсатында нақты ұсыныс құрастырылды.

Күн тәртібінің келесі сұрағы болып мемлекеттік лауазымға тағайындау кезінде қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне қатысты талдау қорытындылары талқыланды.

Талдау барысында мемлекеттік органдарда заңсыз тағайындалу деректері анықталды.

Аталған тағайындау туралы бұйрықтарды қалпына келтіру және жауапты қызметерлердің тәртіптік жауапкершіліктерін қарау бойынша тиісті ұсыныстар құрастырылды.

2023 жылы және 2024 жылы Алматы қаласы Спорт басқармасында және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде басшылық лауазымдағы қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа құқықбұзушылық деректері болған болатын.

Бұл себепте, мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызмет және сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған Алматы қаласы спорт басқармасы, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы басшылығы және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімнің әдеп жөніндегі уәкілі қызметтерінің нәтижелері қарастырылды.

Кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.

Бұдан бөлек, 2023 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган және аумақтық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне жүргізілген талдау қаралды.

Алматы қаласы Әдеп жөніндегі Кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру мәселелері назарсыз қалдырылмады.

Сондай-ақ Алматы қаласы Мемлекеттік басқару академиясының директорына сөз беріліп, онымен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру бойынша туындайтын мәселелер көтерілді.

Кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің оқу сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.

Аталған бағыттарда жұмыстар жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда