Түрксіб ауданында мектеп автобустарының саны артады

18.01.2024 16:39

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде оқушыларды тасымалдау жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Түрксіб ауданында бүгінде 8 мектеп автобусы 6 мектептің оқушыларын тасымалдайды (№20, 32, 89, 115, 162, 195). Жаңа оқу жылының басынан бастап 10 мектептің 2 мыңнан астам оқушысын қамту үшін автобустардың санын 22 бірлікке дейін арттыруды жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Мектеп автобусы» жобасы 2023 жылы Алматыда әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынды. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алып, мегаполистің қосымша 27 мектебін қамту көзделіп отыр.