Алматы әкімінің Алмалы ауданы халқымен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды

03.11.2022 16:40

Кездесуге 250-ден астам адам келді

пресс-служба акима Алматы

Алмалы ауданында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге 250-ден астам адам келді.

Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту өзекті мәселе болып қала береді. Ауданды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 58,5 км электр желілері ауыстырылды, 10 тарату және 50 трансформаторлық қосалқы станциялар жаңғыртылды. 2023 жылы ауданның 97,5 км желілері, 3 тарату және 145 трансформаторлық қосалқы станциялары қайта жаңартылады. Сондай-ақ, ауданда ұзындығы тиісінше 437 метр және 415 метр су құбыры және жылу желілері реконструкцияланады.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аудандағы жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 13 км 16 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, 15 қарашаға дейін 2 көшеде тағы 1155 метр жол төсемі жөнделеді.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін ағымдағы жылдың басында екі мектептің жанындағы 850 орынды 2 қосалқы нысан іске қосылды. Сонымен қатар, 10 қарашада 850 орынды жеке гимназия ашылады. 2023 жылы 3 мектепті күрделі жөндеу қарастырылған.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мақсатында жыл басынан бері Алмалы ауданында 225 орынды 5 жекеменшік балабақша ашылды. Жұмыс істеп тұрған №43 балабақша ғимаратының бір бөлігін сатып алу есебінен 75 қосымша орын қамтамасыз етілді. №7 мектепке дейінгі мекемені сейсмикалық күшейту аяқталды. 2023 жылы екі балабақшаны күрделі жөндеу жоспарланған.

Медициналық қызмет көрсетудің, әсіресе аға буын өкілдерінің осы қызметке қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҰОС қалалық емханасының ғимаратын күрделі жөндеуге және 500 келушіге арналған жаңа емхана салуға дайындық жүргізілуде. Екі денсаулық сақтау мекемесінде де жұмыс 2023 жылға жоспарланған.

Ауданда қатты жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қалуда. ТЖ желісі бойынша 12 учаскені жою жұмыстары жүргізілуде. 4 учаске бойынша жұмыстар аяқталды. Жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойында жалпы ұзындығы 3,6 км коллектор қалпына келтіріледі, қосымша 2,3 км жаңа арық желілері және Райымбек даңғылы бойына 1,6 км канал салынады. Қараша айында 52 учаскеде 34 км арық желісін қайта құру және салу басталады. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қаланың тарихи орталығы ретінде аудан тұрғындары үшін өзекті мәселе шағынқабатты үйлер мен жасыл қорды сақтау болып табылады. Биылғы жылы 40 шағынқабатты үйлердің қасбеттері жөнделді, 15 қарашаға дейін қалған 4 қасбеті жөнделеді. Жасыл қорды жасарту және жаңарту бағдарламасы аясында 5400 ағашқа санитарлық кесу жүргізілді, жалпы пайдалану орындарындағы апатты ағаштардың 660 діңі кесілді. Қараша айының соңына дейін кесілген ағаштардың орнына 2500 жас ағаш отырғызылады.

Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы да хабардар етті. Мәселен, жыл соңына дейін 541 бейнекамера орнатылады. Қолданыстағыларға қосымша 400 камераға 38 «Сергек» АӨК орнатылады. Жалпы, жұмыс аяқталғаннан кейін бейнебақылау камераларының жалпы саны 1469 бірлікті құрайтын болады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 800 млн теңгеге 39 жоба іске асырылды. Яғни, 2 гүлзар, 8 қоғамдық орын және 21 аула абаттандырылды.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу.