|
11.12.2023 | 11:41
1613

Алматыда қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі

Коммуналдық қызметтер күшейтілген жүйесіне көшеді

Алматыда қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы тазалық» ШЖҚ МКК басшысы Әділет Тоқтасынов қала көшелерін жинаудың күрделі технологиялық процесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қысқы басталуымен қалалық коммуналдық қызметтер, әдетте күшейтілген және тәулік бойғы жұмыс жүйесіне көшеді. Қар тазалау алгоритмі жауын-шашын кезінде ғана емес, сонымен қатар қар жауғанға дейін жолдарды сұйық реагенттермен алдын ала өңдеуді де қамтиды. Бұл әдіс ең тиімд екенін көрсетті және Алматы қаласында өткен жылдан бері қолданылып келеді.  

- Сұйық реагенттермен өңдеу көлік қозғалысы үшін аса қауіпті учаскелерден - ылди мен еңістен, көпірлерден, эстакадалардан, тоннельдерден, қиылыстардан және қоғамдық көлік аялдамаларынан, яғни шұғыл тежеуді қажет ететін орындардан бастап басым тәртіппен жүргізіледі. Сонымен қатар «Жедел жәрдем» мен ТЖ көліктері үшін жолдар мұқият тазаланады, - деді Әділет Тоқтасынов.

Қар жауа бастаған кезде жолдар көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді. Жиналған масса кейіннен сыртқа шығару үшін сыпырылады және тазартылады. Үздіксіз қар жауған кезде технологиялық циклдардың саны, яғни себу және сыпыру кем дегенде үш рет қайталанады. Қар жауғаннан кейін «құрғақ асфальт» әсерінің басталуына дейін жол жабындысын қар жамылғысы мен мұздан түпкілікті тазарту жүргізіледі.

- Көптеген қала тұрғыны жолда қар мен балшық араласып жататынын айтып шағымданады, бұл сол жерде жүргізіліп жатқан жұмыстың дәлелі. Көктайғаққа қарсы материалдарды (ПГМ) пайдалану кезінде және қарды басқанда мұз қабаты еріп қана қоймайды, көлік қозғалысы жақсарады. Мұндай технологиялық процесс жолда пайда болған тұтқыр массаның шамамен 2-3 сағат бойы сақталғанын білдіреді. Массаның қалыптасуы аяқталғаннан кейін ғана біз оны соқалы-щеткалы машиналармен тазарта аламыз, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Дәстүрлі КҚМ (тұзы бар құм) қатар, қалада мұз қабығының пайда болуына жол бермейтін сұйық күйдегі балама реагенттер белсенді қолданылады. Олардың ылғалды құрылымы көлік құралын жол жиегіне тастамауға мүмкіндік береді, бұл әсіресе көлік тығыз жүретін көшелерде тиімді.

Сөзінің  соңында Әділет Тоқтасынов диспетчерлік қызметтің байланыс нөмірлерін еске салды +7 727 252 64 96; +7 771 450 32 13. Кері байланыс жылдам қарқынды дамып келе жатқан қаладағы жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мегаполистің тазалығын қорғауда барлығы 1650 «Алматы тазалық» қызметкері және 800 арнайы техника айналысуда.

Оқи отырыңыз: Алматыда сауда дүңгіршектері қай жерде орналасады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир