Алматыда сауда дүңгіршектері қай жерде орналасады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нысан аумақтың сәулеттік-көркемдік келбетіне сай болуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес, «Ішкі сауда қағидаларына» сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында стационарлық емес сауда нысандарының орналасу орнын анықтау және бекіту туралы» қаулысы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жобаға сәйкес 157 стационарлық емес сауда нысанын (СЕСН) орналастыру үшін 142 орын бекітілді. Қабылданған шара заңсыз сауданың үлесін азайтып, жергілікті атқарушы органдарға өтініш жіберетін тұрғындар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 204 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтарда Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен алғаш рет «Алматы қаласында және қала маңындағы ауданда стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидалары» бекітілген болатын. Ережелер сауда дүңгіршектерінің сыртқы түріне қойылатын талапты белгіледі.

Осылайша, көшпелі сауда нысаны аумақтың сәулеттік-көркемдік келбеті мен эстетикалық сипаттамасына сай және соны сақтай отырып әзірленуі керек. Қолданылатын жабдықтың түрі, пішіні, өлшемдері, пропорциялары, масштабы қасбеттердің түс схемасына және объектінің стиліне, сондай-ақ қоршаған ғимараттардың сәулеттік және қала құрылысы шешіміне сәйкес келуі керек. Технологиялық мүмкіндік болса, шаруашылық жүргізуші субъект инженерлік желілерге қосылуы керек.

Сонымен қатар 2022 жылы департамент 500-ден астам заңсыз орнатылған СЕСН анықтап, бүгінде оның 382-сі бөлшектелді. 

Көгалдандыру ережелерін сақтамай, қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларын бұза отырып, заңсыз нысандар тротуарлар мен жол жиегіне орналастырылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 5 мектептің қосымша құрылысы аяқталды

Новости партнеров