Осыған байланысты басқа да бағыттардың жоспарлы көрсеткіштері қайта қаралуы мүмкін
Алматыда бес бағыт бойынша автобустар толық құраммен қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағынын мониторингілеу нәтижелері бойынша Алматы қаласының қалалық мобилділік басқармасы 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап келесі бағыттардағы жылжымалы құрам санын көбейту туралы шешім қабылдап, № 4,23, 7, 31, 67 бағыттардың жұмысқа шығуы 100%-ға артты.
«Жолаушылар тасымалының көлемін қарастыру әлі де жалғасуда. Осыған байланысты басқа да бағыттардың жоспарлы көрсеткіштері қайта қаралуы мүмкін», – делінген «Алматы автобустары» мекемесінің ресми аккаунтында.