Almaty.tv ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

22.04.2023 16:44

Сенбілікке 200-ге жуық қызметкер қатысты

Almaty.tv.

Almaty Clean & Green экологиялық акциясы аясында «Алматы» телеарнасының ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сенбілікке 200-ге жуық қызметкер қатысты. Журналистер, операторлар, кеңсе қызметкерлері телеарна ғимаратының айналасын, оған іргелес аумақты тазартты.

22 сәуір әлемде  «Халықаралық жер» күнін атап өтетінін еске салайық. Бұл күн 2009 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 63-сессиясында бекітілген еді. Ал ертерек бұл күн, яғни 1872 жылы «ағаш күні» деп аталған болатын.

Мерекенің басты мақсаты – табиғатты аялай білу. Олай болса, сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамзаттың міндеті – қоршаған ортаны қорғау.

Қала әкімдігінің қолдауымен «Almaty Clean & Green» экологиялық акциясы мегаполистің барлық ауданында өтіп жатыр. Шара барысында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады.

Сондай-ақ сенбілікте мәдени, ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған. 

Қатысушылар арасында экологиялық тақырыптағы викторина өткізіліп, бағалы сыйлықтар ұтысқа түседі.