Алматының Бостандық ауданында жүзден астам шам ауыстырылды

03.04.2024 16:46

2023 жылдың желтоқсанынан бастап 900-ге жуық өтінім пысықталды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматыда көше жарығын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, Бостандық ауданының 14 көшесінде 110-нан астам шам ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы аптада қала тұрғындарының өтінішін ескере отырып, Жандосов, Мичурин, Минин, Өтепов, Витебск, Масанчи, Ғабдуллин, Бұқар жырау, Манас, Әл-Фараби көшелері, Брусиловский, Тұрғұт Озал, Мүсірепов, Ходжанов бульварлары көшелеріндегі шамдар ауыстырылды.

Айта кету керек, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандырудың арқасында жарықтандыру жағдайын айтарлықтай жақсартуға қол жеткізілді.

2023 жылдың желтоқсанынан бастап Бостандық ауданында 1200-ден астам шам ауыстырылды, 900-ге жуық өтінім пысықталды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру аясында 117 шам орнатылды, ал 80 ауланы абаттандыру кезінде 917 шам бағанасы ауыстырылды.

2024 жылы «Алмагүл», «Орбита-1,2»  ш/а және Тілендиев көшесі бойымен «Акварель» ТК дейін шамдары бар қосымша 267 бағана орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, қала аудандарының әкімдіктері орталықсыздандыру аясында «Алматы Қала Жарық» МКК-мен жарықтандыру жабдықтарына қызмет көрсетуге шарт жасасуда. Нәтижесінде техникалық қызметкерлердің штат саны артты.

Бұған дейін «АҚЖ» құрылымында техникалық қызмет көрсету мамандары болмаған, өйткені бұл жұмысты жосықсыз жекеше әріптес - үш компаниядан тұратын консорциум-ABM- Вuilding 2007, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС орындаған. Алайда «Алматы Қала Жарық» МЖӘ шартының талаптарын орындамау жөніндегі сот талқылауларына байланысты жергілікті жерлерде көшелерді жарықтандыру мәселелерін өз бетінше пысықтауға мәжбүр.

Айта кетейік, «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік пункті 8771-718-24-39, 8771-718-24-56, 390-20-40, 390-20-60 нөмірлері бойынша тәулік бойы өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады.