|
10.04.2024 | 11:46
1277

Олимпиада чемпионы алматылықтарды «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанына қосылуға шақырды

Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады

Олимпиада чемпионы алматылықтарды «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанына қосылуға шақырды dmitriy_balandin

Қазақстандық жүзгіш, Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 50, 100 және 200 метр қашықтықтағы Қазақстанның рекордшысы Дмитрий Баландин бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын сүйікті Алматының аумағын жинау жөніндегі көктемгі бастамаға қосылуға шақырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматылықтар үшін қала әкімдігі 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы-біздің ортақ үйіміз» жобасын іске қосуда, оның аясында көптеген ағаштар отырғызылып, жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылып, қоғамдық орындар тазаланып, ретке келтірілуде. Сіз бұл жобаға өз аулаңыздан тазарту арқылы қатыса аласыз Бәріміз бірге сүйікті қаламызды бұрынғыдан да жақсартайық!»  деп шақырды көпшілікті атақты спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир