Түрксіб ауданы тұрғындары үшін спорт объектілерінің жақын орналасуы қамтамасыз етіледі

22.09.2022 16:46

Осы жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып бітеді

inform.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.


"Осы жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып бітеді", - деді мегаполис басшысы.

Сондай-ақ қала әкімі биылғы жылдың желтоқсан айында Майлин көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Огарев көшесіндегі Даму және шығармашылық орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталатынын айтып өтті.