|
22.05.2022 | 12:04
9962

Спорттық авто фестиваль: Алматыда ерекше автошоу өтті

Фестиваль 20:00-ге дейін жалғасты

Спорттық авто фестиваль: Алматыда ерекше автошоу өтті Almaty.tv / Светлана и Валерий Китиковы

Бүгін Алматының «Астана» алаңында жаңа форматтағы ауқымды автошоу өтті. Іс-шараны көруге келген қала тұрғындары мен қонақтардың қарасы қалың болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада 156 түрлі көлік әкелінген. Оның ішінде қалпына келтірілген классикалық автомобильдер, жаңа автомобильдер, жоғары деңгейлі люкс үлгілері, спорттық автомобильдер, жол талғамайтын көліктер, сондай-ақ неміс автомобиль өнеркәсібінің аты аңызға айналған үлгілері де бар.

Almaty.tv / Светлана және Валерий Китиков

Спорттық авто фестиваль барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Сондай-ақ кез келген адам мотобайкке мінуден тегін мастер-класс өткізіп, жоба демеушілерінен сыйлық алды.

Almaty.tv / Светлана және Валерий Китиков

Сонымен қатар қайырымдылық шара да ұйымдастырылды.


Almaty.tv / Светлана және Валерий Китиков

Айта кетейік, автошоуға байланысты Төле би (Абылай хан мен Панфилов) көше арасындағы жол жабық. Сондықтан көлік жүргізушілеріне уақытша шараға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді сұраймыз.

Almaty.tv / Светлана және Валерий Китиков

Іс-шара бағдарламасы:

10:00 – іс-шараның басталуы

12:30 – командалардың дрифт-жарыстарының басталуы

14:00 – ұтыс ойыны

15:00 – мотоклубтардың көрсетілімі

16:00-19:30 –  әртістердің өнер көрсетуі және ұтыс ойындар

20:00 – отшашу.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир