Алматы қаласының бірқатар шағынауданы 8 маусымда суық судан ажыратылады
photo: Pixabay
Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласының бірқатар шағынауданы бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы су" МКК сілтеме жасап.
"8 маусымда түнгі сағат түнгі 01:00-ден сағат 22:00-ге дейін Ақсай-4, Ақсай-5, Достық, Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7 шағынаудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Алматы қаласы Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз",- делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00